В данный момент сайт находится на реконструкции
At the moment site is under reconstruction

Құрметті клиенттер!

1 February 20165,651 views

Құрметті клиенттер!

«Заман-Банк» АҚ «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес мүлікті жария ету бойынша мемлекеттік акция өткізуді 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы жариялайды.

Жария ету объектілеріне жататын мүлік:

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік.

Бұл ретте осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан, жария ету субъектісімен өзіне тиесілі материалдық және қаржылық құралдарын ұстау немесе уақытша сақтау бойынша шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа да ұйымдарға мүлікті (трасты) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік те жария етілуге жатады.

Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер:

 Банк жария ету субъектісінің өтініші негізінде ақшаны жария ету мақсатында жеке ағымдағы шот (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашады.

Ақша келесі тәртіпте жария етуге жатады:

1) Банкте ашылған ағымдағы шотқа ұлттық және (немесе) шетел валютасында ақша салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну жолымен.

Шетел валютасының тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасымен айқындалады.

2) Банктегі ағымдағы шотқа ақша салмай (аудармай) – жария етілетін ақша сомасынан алым төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсыну жолымен.

Бұл ретте алым мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсынғанға дейін төленуі тиіс.

Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа салған (аударған) кезде Банк жария ету субъектісіне салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.

Жария ету субъектілері жария етілген ақшаға өз қалаулары бойынша иелік етуге құқылы, оның ішінде:

1) қазақстандық қор биржасында орналастырылатын бағалы қағаздарға;

2) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының аумағында орналастырылатын қаржы құралдарына;

3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа да активтерге инвестициялау жолымен.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жария ету рәсімімен байланысты барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

 Алым тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация ұсыну негізінде Банктегі ағымдағы шотқа ақша салмай (аудармай) жария етілетін ақша сомасынан он пайыз мөлшерінде төленеді. Бұл ретте алым мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны ұсынғанға дейін төленуі тиіс.