Вакала

Агенттік депозит

Zaman Bank

Вакала – тараптардың келісімі бойынша кез-келген шариғатқа сай бизнес-жобаға қаражатын инвестициялау жолымен, табыс табу үшін бар күшін салатын Банкке (Вакиль), Клиент (Муваккиль) өз қаражатын инвестициялауды тапсыратын, агенттік келісім. Муваккиль өзінің ақшалай қаражатын Вакильге сенімді басқаруға және иелік етуге ұсынады. Вакалада іс инвестициялық агенттік депозит шартында көрсетілгендей, міндеттер шеңберінде тек қана Вакиль тарапынан жүргізілуі тиіс. Инвестициялық жобадан табыс Вакильден Муваккильге келісілген Болжамды табыс көлемінде жолдануы тиіс. Қорытынды табыс артығымен асып кеткен жағдайда, Вакиль Болжамды табысты төлеген соң қалдық көлемінде Вакиль сыйлықақысын алуға құқығы бар. Сонымен қатар Вакиль кез-келген жағдайда алдын ала шарттың әрекет ету басында келісілген көлемдегі комиссияны агенттік сыйақы ретінде алады. Егер Вакильдің алаяқтық жасағаны, немқұрайлылықпен немесе әдейі міндеттерін орындамағаны дәлелденбеген жағдайда, Вакала шеңберіндегі қаржылай шығындар үшін Муваккиль толықтай жауапкершілікте болады. Муваккиль міндеттері оның инвестицияларымен шектеледі, егер басқасы Вакала шартында көрсетілмесе.


Мысал: Клиент А Вакала негізіндегі инвестициялық агенттік депозит ашып, 12 ай мерзімге депозит бойынша күтілетін табыс 10% немесе 500.000 теңгені құрайтын 5 000 000 тг. орналастырады. Сонымен қатар Клиент 300.000 теңге көлемінде Банкке агенттік комиссияны алдын ала төлейді. Банк келісім мерзімі аяқталуы бойынша өзінің инвестицияларының нәтижесін талдай отыра, осы жоба бойынша табыс 1 200 000 тг. Құрайды деген тұжырымға келеді. Күтілетін табыс артығымен асып кеткен жағдайда сыйақы қарастырылатын Вакала бойынша келісімнің ерекшеліктерін ескере отырып, Банк 500.000 тг. (күтілетін табыс) жолдайды. Осыған байланысты, 300.000 агенттік сыйақыны және 700.000 Вакильдің сыйлықақысынан құралған, Клиент 5.500.000 (5.000.000+500.000) тг., Банк сондай-ақ 1 000 000 тг. көлемінде табыс алады.

Өнімнің атауы

Вакала Стандарт

Салым валютасы

KZT (тенге), USD (доллары США), EUR (евро)

Салымның минималды сомасы

500 000 KZT / 1 500 USD / 1 500 EUR

Салымның максималды сомасы

шектеусіз

Орналастыру мерзімі

6/12/24 ай

Күтілетін табыс

Салымның мерзімі және валютасына байланысты

Пайданы төлеудің кезеңділігі

Мерзім соңында

Қосымша салым

Рұқсат етіледі

Ішінара алу

Рұқсат етілмейді

Ерекше талаптар

мерзімінен бұрын толықтай алынған жағдайда салым бойынша пайда төленбейді


Ескерту 1: Депозит талаптары жеке тәртіпте уәкілетті орган шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Ескерту 2: депозит бойынша күтілетін табыстылық исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін қаржыландырылатын жобаларға депозиттік қаражатты одан әрі инвестициялау нәтижесінде Банк алған пайданың салымшыға төлеуге жататын үлесін білдіреді. Күтілетін табыс салымның мерзімі мен валютасына байланысты.

Салым мерзімі

Салым бойынша күтілетін табыс

Теңгеде

USD/EUR - да

6 ай

8%

0,5%

12 ай

8,5%

2%

24 ай

9%

2,5%