Жаңалықтар

Заман-Банк ескертеді: абайлаңыздар, алаяқтар!
Қарыз алушылардың проблемалық қарыздарды реттеу туралы өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері
Қаржы пирамидаларына қарсы тұру
Құрметті клиенттер
Біз "Заман-Банк "Ислам Банкі" АҚ-ның 2020 жылғы 06 қазанынан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшесі болғанын қуана хабарлаймыз.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ валюта нарығындағы сауда-саттыққа қатысушылар тізіміне, Биржада сатылатын барлық шетелдік валюталармен сауда-саттыққа қол жетімділігі бар «Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ енгізді. Сауда-саттыққа жіберілгеннен кейін банк шетелдік валюталармен операциялар жасау, экспорттық-импорттық операциялар, валюталық активтерді әртараптандыру және валюталық тәуекелдерді хеджирлеу процесінде, сондай-ақ банктің серіктестері мен клиенттері валюта нарығында мәмілелер жасау үшін неғұрлым қолайлы шарттарда Қазақстан қор биржасының артықшылықтарын пайдалана алады. "Қазақстан қор биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа "Заман-Банк "Ислам Банкі" АҚ-ның қатысуы – бұл тағы бір, үлкен болмаса да, бірақ банктің клиенттер назарын аудартуға бағытталған жолдағы, маңызды қадам".