Тіркелу үшін:
- Телефон нөміріңізді және ЖСН енгізіңіз;
- SMS-код арқылы нөміріңізді растаңыз;
- Жылдам биометриядан өтіңіз (бұл бірнеше минутты алады);
- Кіру үшін құпия кодты ойлап табыңыз
- Тіркелу кезінде ойлап тапқан 4 таңбалы кодты енгізіңіз.
- Егер Face ID немесе саусақ ізі арқылы орнатсаңыз - бетті сканерлеу немесе саусақты қою жеткілікті.
1. Қолданбаны ашып, аккаунтыңызға кіріңіз.
2. Содан кейін "Профиль" бөліміне өтіп, "Кіру кодын өзгерту" тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кіру экранындағы "Кодты ұмыттыңыз ба" түймесін түртіп, нұсқауларды орындаңыз. Бұл қосымшаға кіруге көмектеседі.
Қосымшаға өтіп, "Профиль" бөлімін ашып, "биометриямен кіру" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз.
Биометриялық сәйкестендіру - бұл физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерге негізделген банктің электрондық қызметтерін алу құқығын біржақты растау мақсатында жеке басты анықтау процедурасы.
Мына нұсқаулықты қоланып көріңіз:
1. Кодты ұмыттыңыз ба? Кіру экранындағы «Кодты ұмыттыңыз ба» түймесін басып, нұсқауларды орындаңыз.
2. Деректерді тексеріңіз. Телефон нөмірі мен ЖСН дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
3. SMS коды келмей ме?
- Интернетіңіз тұрақты екеніне көз жеткізіңіз.
- Телефон нөмірін тексеріңіз.
- Бірнеше минут күтіңіз де, әрекетті қайталаңыз.
4. Бәрін сынап көрдіңіз, бірақ көмектеспей ме? Бізге 4077 нөміріне қоңырау шалыңыз, анықтауға көмектесеміз.
1. App Store немесе Google Play-ден Zaman Bank қосымшасын жүктеп алыңыз.
2. Оны ашып, тіркеу кезінде пайдаланған телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз.
3. Нөмірді SMS-код арқылы растаңыз.
4. Биометриядан өтіңіз.
5. Кіру үшін жаңа код - құпия сөзді орнатыңыз.
1. Егер Сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, тілді бірінші экраннан - телефон нөмірін және ЖСН енгізген жерден таңдауға болады.
2. Тіркелгеннен кейін тілді профильде өзгертуге болады (белгішенің жоғарғы сол жақ бұрышы).
3. «Қолданба тілі» тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз.
Қазір қосымшада жеке деректерді өзгерту мүмкін емес.
Егер аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз немесе тағы бір деректер өзгерсе, 4077 нөміріне хабарласыңыз. Мамандар жаңартуға көмектеседі.
Егер телефон жоғалып кетсе немесе ұрланса, бірден Банктің қолдау қызметіне 4077 нөмірі арқылы хабарласыңыз. Біз аккаунтқа қолжетімділікті жедел бұғаттап, қажет болған жағдайда карталарды да уақытша тоқтатуға көмектесеміз.
Карта реквизиттерін, PIN кодтарын және SMS кодтарын ешкімге айтпаңыз. Мобильді бағдарламаға логин мен кіру кодын бермеңіз.
- Біреудің өтініші бойынша басқа қосымшаларды орнатпаңыз.
- «Қауіпсіз шоттарға» ақша аудармаңыз.
- Банк, мемлекеттік органдар немесе қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қоңырауларына және хабарламаларына сенбеңіз.
- Егер олар таныс адамдардан келсе де, күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.
- Егер Сізден ресми арналардан тыс - мысалы, мессенджерлер арқылы сөйлесуді сұраса, сөйлесуді жалғастырмаңыз.
- Өзіңіз Байланыс орталығына хабарласқан жағдайларды қоспағанда, БРП растау кодтарын хабарламаңыз.
Zaman bank ешқашан құпия сөздерді, PIN-кодтарды немесе қол жеткізу кодтарын сұратпайды. Егер бір нәрсе күдікті болып көрінсе, бірден сөйлесуді тоқтатыңыз және 4077 нөміріне хабарласыңыз.
Барлық операциялар автоматты түрде мобильді қосымшада тіркелу кезінде көрсеткен нөмірге SMS түрінде келеді. Бұл нөмір өзекті екеніне көз жеткізіңіз.
SMS хабарлама қызметі үшін комиссия алынбайды. Сіз хабарландыруларды тегін аласыз.
SMS-хабарламалар Банктің мобильді қосымшасында тіркелгеннен кейін автоматты түрде қосылады. Қызмет тегін көрсетіледі. Қазіргі уақытта мобильді қосымша арқылы SMS-банкингті өшіру мүмкін емес. Біз функционалдылықты кеңейту үшін жұмыс істеп жатырмыз және болашақта осы мүмкіндікті қосамыз. Егер Сізге қызметті өшіру қажет болса, 4077 нөміріне хабарласыңыз.
Тексеру шотын ашудың екі жолы бар:
1. Zaman bank мобильді қосымшасында тіркеу арқылы (тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).
2. Банктің кез келген кеңсесіне хабарласуға болады, ең бастысы - жеке куәліктің түпнұсқасын ұмытпау.
Астана, Алматы немесе Екібастұз қалаларындағы бөлімшелерде өзіңізбен бірге:
1. Шетелдік паспорт.
2. Резидент емес тұлғаның ЖСН (салық нөмірі).
3. Қазақстанда болу құқығын растайтын құжат (виза, келуі туралы хабарлама, уақытша тіркеу және т.б.).
4. + 7 коды бар телефонның жұмыс нөмірі (шетелдік болуы мүмкін).
Назар аударыңыз: Банктің мобильді қосымша резидент емес тұлғаларға қолжетімді емес.
Банктің Астана, Алматы немесе Екібастұз қалаларындағы бөлімшелерінде ағымдағы шотты ашу үшін:
1. Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелгенін растайтын ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі).
3. Қазақстан аумағында болу құқығын растайтын құжат (виза, келу туралы хабарлама, уақытша тіркеу және т.б.).
4. Қазақстандық телефон нөмірі немесе + 7 коды бар кез келген басқа нөмір
Назар аударыңыз: Банктің мобильдік қосымшасы ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға қолжетімді емес.
Банктің мобильді қосымшасы арқылы шот ашқан кезде жеке басын куәландыратын құжат талап етілмейді.
Банк бөлімшелерінде шот ашқан кезде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет
Сенімхат бойынша шот ашу тек Астана, Алматы және Екібастұз қалаларындағы Банк бөлімшелерінде ғана мүмкін болады, бұл ретте сенімхатта шот ашуға өкілеттіктер нақты көрсетілуге тиіс.
Нотариаттық сенімхат бойынша шот ашу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1. Сенімхаттың түпнұсқасы;
2. Сенім білдірушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігінің түпнұсқасы.
Банктің мобильді қосымшасы арқылы ағымдағы шот теңгемен ашылады. Жақын арада АҚШ долларымен және еуромен шот ашу мүмкіндігі қолжетімді болады.
Банктің мобильді қосымшасы арқылы шот ашқан кезде-0 теңге;
Банк бөлімшелерінде шот ашу кезінде-1000 теңге;
Шотты жабу - 0 теңге, шотта қалдық болмаған жағдайда;
Шотты жабу - 1000 теңге, шоттағы қаражат қалдығы 1000 теңгеге дейін болса, қалдық қайырымдылыққа аударылады;
Клиенттің шотына теңгемен және шетел валютасымен (ресей рублінен басқа) ақша толтыру — 0 теңге.
Клиенттің шотына Ресей рублімен (RUB) ақша толтыру – соманың 5% (минимум – 50 000 RUB).
Пайдаланылмаған шотты жүргізу (клиент немесе оның өкілі шот бойынша соңғы жасаған операция күннен бастап 12 ай ішінде кіріс/шығыс операциясы жасалмаған шот) - шоттағы қалдық сомасы, бірақ ай сайын 500 теңгеден аспайды;
Қолма-қол ақша беру:
Ұлттық валютадағы ағымдағы шоттан (тариф қаржыландыру және депозиттен қолма-қол қаражат беруде қолданылмайды)- Соманың 0,5% (минимум-200 теңге);
Шетел валютасындағы ағымдағы шоттан (тариф қаржыландыру және депозиттен қолма-қол қаражат беруде қолданылмайды)- Соманың 0,9% (минимум-500 теңге);
Ұлттық валютадағы депозиттен - 0 теңге;
Шетел валютасындағы депозиттен - 0 теңге;
Қаржыландыру шеңберінде ұлттық валютадағы ағымдағы шоттан-0 теңге.
Банктік шоттардың болуы / болмауы туралы анықтама:
* Банк бөлімшесінде - 1 000 теңге (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
* Банктің мобильді қосымшасында - 0 теңге;
Кезең ішіндегі ақпаратты көрсете отырып, банктік шоттардың болуы туралы анықтама:
* Банк бөлімшесінде - 1 500 теңге (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
* Банктің мобильді қосымшасында - 0 теңге;
Банктік шоттардың болуы / болмауы туралы шұғыл анықтама беру:
* Банк бөлімшесінде - 2 000 теңге (бір күн ішінде);
* Банктің мобильді қосымшасында - 0 теңге.
Шоттың болуы және/немесе ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдығы туралы анықтаманы pdf форматында онлайн алуға болады:
1. Zamаn Bank қосымшасын ашыңыз;
2. "Ағымдағы шот" бөліміне өтіп,"Анықтамалар" тармағын таңдаңыз;
3. Анықтама түрі мен тілін таңдаңыз;
4. "Поштаға жіберу" түймесін басыңыз немесе жіберудің басқа әдісін таңдаңыз.
Сондай-ақ, анықтаманы Банк бөлімшесінен алуға болады. Егер сізде бөлімшеге бару мүмкіндігі болмаса, сіз үшінші тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бере аласыз. Сенімхатта банктік шоттар бойынша анықтамалар алу туралы тармақ міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
1. Zaman Bank қосымшасын ашыңыз.
2. «Ағымдағы шот» бөлімінде «Үзінді көшірме» түймесін таңдаңыз.
3. Өтініш тілі мен кезеңін таңдаңыз.
4. «Электрондық пошта арқылы жіберу» түймесін басыңыз немесе басқа жіберу әдісін таңдаңыз.
Өтініш PDF форматында жіберіледі.
Ағымдағы шотты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жолмен толтыру;
Деректемелер бойынша ағымдағы шоттан басқа банкке аудару;
Банк бөлімшелерінің кассасынан қолма-қол ақша алу;
Ағымдағы шот бойынша үзінді көшірмелер беру;
Банктік шоттың болуы / болмауы туралы анықтама беру.
Шоттың бұғатталуының негізгі себептері:
1. Мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындамау (мысалы, салықтар бойынша берешек);
2. Мерзімі өткен несие немесе банктер алдындағы басқа міндеттемелер;
3. Сот шешімі.
Шотты бұғаттау туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемелер бойынша Мемлекеттік органдардың сайттарынан алуға болады:
Салық берешегі туралы мәліметтер: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web
Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі: https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors
Егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, шығыс операциялары тек қана шектеу алынғаннан кейін жүзеге асырылады
Иә, бұғатталған ағымдағы шотты толықтыруға болады.
Ағымдағы шотты бұғаттаудан алынғаннан кейін ғана жабуға болады.
Бұғаттауды алып тастау туралы ақпаратты Банктің мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Сондай-ақ, байланыс орталығына тегін 4077 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан) хабарласуға болады.
Белгіленген шектен асатын соманы жоспарлы түрде алу кезінде (мысалы, 10 000 АҚШ доллары немесе теңге және/немесе евро баламасы) банкке алдын ала өтінім беру қажет.
Банк қаражат көзі және оларды пайдалану мақсаттары туралы ақпаратты сұрата алады.
Қажет болған жағдайда ақшаның шығу тегін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде міндетті және мемлекеттік реттеушімен белгілеген.
Шотты жабу үшін Банк бөлімшесіне хабарласып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Егер шот белсенді емес деп танылса және/немесе онда қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімнен артық қаражат болмаса, банктің ағымдағы шот шартын біржақты тәртіппен бұзу құқығы бар.
1. Zaman Bank қосымшасын ашыңыз.
2. Ағымдағы шот бөлімінде Шот реквизиттерін таңдаңыз.
3. Сізді қызықтыратын шот реквизиттерін көшіріңіз немесе көрсетілген экранда "Бөлісу" тармағын таңдаңыз.
Банк бөлімшесінде - комиссиясыз;
24-касса терминалында - комиссиясыз; Ақша қаражатын басқа банктен шотқа аудару жолымен - жөнелтуші банктің тарифтеріне сәйкес комиссия
Банк бөлімшесінде:
- Шот иесі жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
- Үшінші тұлға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаты болуы, алушының ЖСН-ін және шоттың деректемелерін білуі қажет.
24-касса терминалында:
- Алушының шот нөмірінің соңғы 6 санын және ЖСН-ін білу.
Басқа банктен аудару арқылы:
- Банктің толық деректемелерін және алушының шотын білу.
Бір реттік: ең төменгі сома - 500 теңге, ең жоғары сома - 500 000 теңге;
Бір клиентке айына: 5 000 000 теңге
Иә, үшінші тұлға сіздің ағымдағы шотыңызды толтыра алады. Ол үшін қаражат салу кезінде сіздің деректемелеріңізді көрсету жеткілікті.
Ай сайынғы төлемді төлеу үшін мобильді қосымшада "қаржыландыру", бұдан әрі — "мәліметтер" бөлімінде көрсетілген ағымдағы шотыңызды ай сайынғы төлемді өтеу күніне дейін толтыру қажет. Толтыруды сіз үшін келесі ыңғайлы тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
* Касса 24 терминалдарында;
* Банк Бөлімшесінде;
* Басқа ЕДБ-дан шотқа аудару арқылы.
Ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражатты ағымдағы шотта Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қамтамасыз ету қажет.
1. Zaman Bank қосымшасын ашыңыз.
2. «Қаржыландыру» бөлімінде «Мақсаттарыңызға арналған қаражат» баннерін немесе «Өнімді ашу» түймесін басыңыз.
3. Сома мен қаржыландыру мерзімін көрсетіңіз.
4. Сауалнаманы толтырып, деректерді өңдеуге келісім беріңіз.
5. Тез мақұлдау үшін соңғы 6 айдағы Kaspi немесе Halyk картасы бойынша үзінді көшірмені қоса беріңіз.
6. Банктің шешімін күтіңіз және жеке басын сәйкестендіруден өтіңіз.
7. Құжаттарға электрондық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.
Содан кейін ақша Сіздің шотыңызға түседі.
Иә, Сіз филиалдың жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері Заман банкінің кез келген бөлімшесінде қарызды толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтей аласыз.
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде төлем сомасы кемінде екі айлық төлем болуы тиіс
Комиссии или штрафы за досрочное погашение задолженности отсутствуют.
Қарыздың сомасын Zaman Bank мобильді қосымшасының «Қаржыландыру» бөлімінен білуге болады.
Өтінім беру үшін өзіңіздің ЖСН-іңізді білу жеткілікті. Қосымша құжаттар талап етілмейді.
Қаржыландыруға арналған өтінімді қарауда комиссия жоқ.
Қаржыландыруға өтінімдерді жеке тұлғалар — 21 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары бере алады.
Егер Сіздің ай сайынғы төлеміңіз демалыс немесе мереке күндеріне түссе, онда төлем демалыс немесе мереке күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады..
Банк клиентіне сіз телефон нөмірі бойынша аударым жасай аласыз
1 операцияға лимит 2 млн. теңге
Мәселені шешу үшін Банкке 4077 нөмірі бойынша хабарласу қажет. Біз оның себебін анықтап, сізге көмектесуге тырысамыз.
Банк бөлімшесіне жүгініңіз немесе 4077 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
Назар аударыңыз: аударманы жіберген кезде деректердің дұрыстығына жіберуші жауап береді.
Банк бөлімшелері Астана, Алматы және Екібастұз қалаларында орналасқан.
Әр кеңсенің мекен-жайы бар толық картаны Банктің веб-сайтындағы "Филиалдар мен банкоматтар" бөлімінен табуға болады.
Жеке тұлғаларға арналған Банктің тарифтерімен сайттың "Тарифтер" бөлімінде танысуға болады
Дүйсенбі-жұма: 09: 30-дан 17:00-ге дейін
Үзіліс: 13: 00-ден 14:00-ге дейін
Сенбі және жексенбі: демалыс
Ислам банкингі - бұл ислам құқығы (шариат) қағидаттарына негізделген қаржы қызметтерінің жүйесі. Дәстүрлі банкингке қарағанда, исламдық, мысалы, алкоголь, құмар ойындар немесе қару сияқты тыйым салынған салаларға пайыздар (риба), алыпсатарлыққа және инвестицияларға тыйым салады.
Сіз біздің өнімдерді дінге қарамастан пайдалана аласыз. Ислам банкингі - бұл клиенттің діні туралы емес, ұстанатын қадилары туралы: адалдық, ашықтық және құрмет. Біз пайыздарды (риба) алмаймыз, жасырын шарттарды қолданбаймыз және күмәнді салаларға инвестиция салмаймыз. Біздің барлық шешімдеріміз нақты экономикаға, әділ серіктестікке және сенімге негізделген.
Ислам банкингі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ шариғат нормаларымен реттеледі. Ислам банктерінде исламдық принциптердің сақталуын қадағалайтын және тыйым салынған салаларды қаржыландыруды болдырмайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (ИҚҚК) жұмыс істейді.
Біздің Банктің ИҚҚК құрамына мына тұлғалар кіреді:
Максатбек Каиргалиев - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі Кеңестің Төрағасы;
Алтаф Ахмад - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі Кеңестің мүшесі;
Адильбек Рыскулов - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі Кеңестің мүшесі.
Ислам банкі пайыздармен кредит бермейді, өйткені пайыздарға (рибаға) тыйым салынған. Оның орнына Заман-банк қаржыландырудың баламалы түрлерін пайдаланады. Мысалы, қазіргі уақытта Банкте өнім - тауарлық мурабаха сатылды.
Исламдағы "пайыз" туралы айтқанда, әдетте "риба" — бұл белгіленген пайыздық несиеден (өсімқорлық) алынатын кірістің тыйым салынған түрі.
ZAMAN BANK ислам банкингіне көшуді 2013 жылы бастады. 2017 жылы банк Ислам банкі ретінде операцияларды жүргізуге ресми лицензия алды. Содан бері біз исламдық банкинг принциптеріне сәйкес келетін өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, табысты жұмыс істеп келеміз.
Біздің жолымыз бен қызметіміз туралы толығырақ "Банк туралы" бөлімінен білуге болады.
Тек ұялы байланыс үшін ақы төлеу қол жетімді. Болашақта қызметтер тізімі артатын болады
0 теңге
Ұялы байланыс үшін ақы төлеу бойынша 1 операцияға лимит 15 000 теңге.
Виртуалды картаны қалай алуға болады: 1. Zaman қосымшасына тіркеліңіз, карта автоматты түрде шығарылады. 2. Егер Сіз қосымшада тіркелген болсаңыз, Басты бет → «Карталар» бөліміне өтіп, «Картаны ашу» функциясын таңдаңыз. Түймені басып, SMS арқылы телефон нөміріңізге жіберілген бір реттік пароль (OTP) арқылы сауалнама өтінішіне қол қоя аласыз. Содан кейін карта бірден шығарылады. Маңызды: Мобильді қосымшада тіркелу және картаны шығару тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана қолжетімді.
Zaman мобильдік қосымшасында тіркелу және картаны шығару тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана қолжетімді.
Zaman мобильдік қосымшасында тіркелу және картаны шығару тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана қолжетімді.
Zaman Сізге Mastercard Platinum виртуалды картасын ұсынады
Platinum виртуалды картасы 3 жыл мерзімге шығарылады.
Қазіргі уақытта тек виртуалды карта қолжетімді.
Қазіргі уақытта физикалық картаны алу үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Zaman мобильді қосымшасындағы жаңартулар мен ақпаратты қадағалаңыз.
Виртуалды картаның қызмет көрсету шарттары:
Картаны шығару - тегін (0 теңге);
Бірінші жылы қызмет көрсету - тегін (0 теңге);
Екінші жылдан бастап - айына 150 теңге.
Сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Zaman картамен операциялар бойынша транзакциялық лимиттер белгіледі. Лимиттердің бір бөлігін 4077 тегін (ұялы телефоннан) Байланыс орталығына хабарласу арқылы өзгертуге болады. Байланыс орталығына жүгіну арқылы өзгертуге / жоюға болатын лимиттер:
1. Интернетте тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу — тәулігіне 100 000 теңгеге дейін (немесе шетел валютасындағы балама).
2. ҚР-да және одан тыс жерлерде банкоматтар мен POS — терминалдар арқылы қолма-қол ақша алу-тәулігіне 500 000 теңгеге дейін (немесе шетел валютасындағы балама).
3. Шетелдегі POS-терминалдар арқылы қолма — қол ақшасыз төлем-тәулігіне 500 000 теңгеге дейін (немесе балама). Ескерту:
Қолма-қол ақшаны алудың максималды сомасы:
- Айына 5 000 000 теңге (немесе шетел валютасындағы балама).
- Бір операция үшін 1 000 000 теңге —
бұл лимиттер жоюға немесе өзгертуге жатпайды. Өзгертуге/жоюға жатпайтын лимиттер:
1. Картадан картаға аударымдар:
- Бір аударым үшін 5 000 USD дейін;
- Тәулігіне 10 000 USD дейін;
- Айына 50 000 USD дейін.
(теңгемен немесе шетел валютасындағы балама)
2. Шариғат нормаларына қайшы келетін тауарлар мен қызметтерге қолма-қол ақшасыз ақы төлеу
-МСС-кодтар тізімі негізінде шектеледі ([«құжаттар»] бөлімін қараңыз).
3. Тәуекелі жоғары елдерде қолма-қол ақша алу және қолма-қол ақшасыз төлем
- елдер тізімі негізінде шектеледі ([«құжаттар»] бөлімін қараңыз).
Карта бойынша лимиттерді өзгерту үшін 4077 тегін нөмірі бойынша Zaman Байланыс орталығына хабарласу қажет.
Zaman мобильді қосымшасында лимиттерді басқару функциясын енгізу бойынша банк белсенді жұмыс істеуде.
Жаңартуларды қадағалаңыз, сервистің қолжетімділігі туралы ақпарат қосымшада көрсетіледі.
Картаны бұғаттауға немесе бұғаттан шығару үшін 4077 тегін нөмірі бойынша Zaman Байланыс орталығына хабарласу қажет.
Zaman мобильді қосымшасында картаның жағдайын басқару функциясын енгізу бойынша банк белсенді жұмыс істеуде.
Жаңартуларды қадағалаңыз, сервистің қолжетімділігі туралы ақпарат қосымшада көрсетіледі.
Аударымды алу үшін карта нөмірінің алдыңғы жағындағы 16 санды көрсетіңіз.⚠️ Үшінші тұлғаларға картаңыздың келесі деректерін беруге қатаң тыйым салынады:
- Карта иесінің аты-жөні;
- Картаның жарамдылық мерзімі;
- CVV/CVC коды (үш таңбалы код);
- Картаның PIN коды;
-Төлемдер мен аударымдарды растауға арналған SMS-кодтар. 👮 ♂ ️ Сақ болыңыз:Алаяқтар өздерін банк, полиция немесе басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде ұсына алады. Банк қызметкері ешқашан жоғарыда аталған деректерді сұрамайды. Интернетте төлеу кезінде:Әрқашан сайттың ресми екенін және қауіпсіз байланысы бар екенін тексеріңіз (https://).
Ақша аударуға уәде берсе де, ешқашан хабарламалардағы сілтемелер арқылы карта деректерін енгізбеңіз. Бұл алаяқтардың айласы.
Виртуалды картаны Apple Pay немесе Google Play әмияндарына байланыстыру NFC қолдайтын ұялы телефонды пайдалануға мүмкіндік береді:
-POS-терминалдарда (дүкендерде, кафелерде және т. б.) сатып алу ақысын төлеу;
- байланыссыз технологияны қолдайтын банкоматтардан қолма-қол ақша алу.
Банк бөлімшесінде-комиссиясыз.
24-касса терминалдарында-комиссиясыз.
Ақша қаражатын басқа банктен шотқа аудару жолымен - жөнелтуші банктің тарифтеріне сәйкес комиссия.
Басқа банктің картасынан карта нөміріне (16 сан) аудару арқылы — жөнелтуші Банктің тарифтеріне сәйкес комиссия.
Zaman мобильді қосымшасында, «Карталар» бөлімінде Сіз картаңыздың толық реквизиттерін көшіре аласыз. 👮 Маңызды! Қауіпсіздік мақсатында үшінші тұлғаларға мынадай деректерді беруге қатаң тыйым салынады:
Карта иесінің аты-жөні;
Картаның жарамдылық мерзімі;
CVV / CVC коды (картадағы үш таңбалы код);
Картаның PIN коды;
Төлемдер мен аударымдарды растау үшін алынатын SMS-код;
Бұл деректерді беру Сіздің картаңыздағы алаяқтық операцияларға әкелуі мүмкін. Сақ болыңыз!
Zaman мобильді қосымшасында «Карталар» бөлімінде виртуалды картаның толық реквизиттерін ашуға болады. Онда оның жарамдылық мерзімі көрсетіледі.Картаның қолданылу мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда біз Сізге қосымшада SMS-хабарлама және/немесе push-хабарлама жібереміз.
Қазіргі уақытта виртуалды карта бойынша бонустар қарастырылмаған. Алайда, Zaman бонустық бағдарламаны енгізу бойынша белсенді жұмыс істейді.
Zaminbank мобильді қосымшасын қадағалаңыз.
Қолма-қол ақша алу үшін:
1. Виртуалды картаны Apple Pay немесе Google Pay-ге Zaman қосымшасы арқылы басты бетте немесе «Карталар» бетінде байланыстыру.
2. Банкоматтардан қолма-қол ақша алу үшін NFC қолдайтын ұялы телефонды пайдалану.
Толық нұсқаулық:
- Телефонның бүйірлік түймесі арқылы Apple Pay немесе Google Pay әмиянын іске қосыңыз;
- Биометриялық аутентификациядан өтіңіз (Face ID, саусақ ізі және т.б.);
- Телефон экранында Сіздің виртуалды картаңыз көрсетіледі;
- Телефонды банкоматқа байланыссыз төлем немесе карта символы бейнеленген жерге қосыңыз;
- Банкомат экранында мәзір пайда болуын күтіңіз;
- «Қолма-қол ақша алу» опциясын таңдаңыз, содан кейін қажетті соманы көрсетіңіз.
ҚР-дағы банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу:
Күнтізбелік ай ішінде 0 теңге 300 000 теңгеге дейін;
Күнтізбелік айда 300 000 теңгеден астам - 1% (кемінде 500 теңге).
ҚР тыс жерлердегі банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу:
Күнтізбелік ай ішінде 0 теңге 300 000 теңгеге дейін;
Күнтізбелік ай ішінде 300 000 теңгеден астам соманың (кемінде 500 теңге) 1,5% - ы.
Банк кассасынан қолма-қол ақша алу:
Ұлттық валютадағы соманың 0,5% (кемінде – 200 теңге) (тариф қолма-қол нысанда қаржыландыруға және депозитті қолма-қол нысанда қайтаруға қолданылмайды);
Шетел валютасындағы соманың 0,9% (кемінде – 500 теңге) (тариф қолма-қол нысанда қаржыландыруға және депозитті қолма-қол нысанда қайтаруға қолданылмайды).
CVC (Card Verification Code) немесе CVV (Card Verification Value) — картаны көрсетпей онлайн төлемдер мен операцияларды жасау кезінде картаңыздың түпнұсқалығын растау үшін пайдаланылатын үш таңбалы қауіпсіздік коды. Бұл код картаның артқы жағында - әдетте қол қою жолағының жанында орналасқан.
Маңызды:
Қаражатыңызды алаяқтықтан қорғау үшін CVC/CVV кодын үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз.
CVC/CVV виртуалды карталар үшін код Zaman мобильді қосымшасының «Карталар» - «Реквизиттер» бөлімінде көрсетіледі.
Сізге Zaman байланыс орталығына тегін 4077 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан) хабарласу қажет.
Сізге Zaman байланыс орталығына тегін 4077 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан) дереу хабарласып, картаны бұғаттап, әрі қарай кеңесшінің нұсқаулығына сәйкес әрекет ету қажет.
1. Zaman қосымшасын ашыңыз;
2. «Карталар» бөлімінде «Үзінді» тармағын таңдаңыз;
3. Есепшотты, тілді және үзінді кезеңді таңдаңыз;
4. «Поштаға жіберу» түймесін басыңыз немесе жіберудің басқа әдісін таңдаңыз.
Үзінді көшірме PDF форматында келеді.
1. Zaman қосымшасын ашыңыз;
2. Басты бетте картаны байланыстыратын шотқа басыңыз;
3. Ашылған терезеде «Растау» түймесін басыңыз;
4. Басты бетте картаның таңдалған шотқа тіркелгенін, сондай-ақ осы шоттағы қаражат қалдығын көресіз.
Бір ғана карта мен әртүрлі валютадағы шоттарға ие бола отырып, сіз картаны өзіңізге қолжетімді кез келген шотқа байланыстыра аласыз. Бұл қажетті валютада операция жүргізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде:
- валюта айырбастау шығындарын үнемдеуге көмектеседі;
- жоспарланған шығындар үшін валюта бағамын іздеп, шотты алдын ала толықтыру қажеттілігін жояды.
Картаны жабу мобильді қосымшада немесе Zaman бөлімшелерінде әлі қарастырылмаған.Қазіргі уақытта банк бұл мүмкіндікті мобильді қосымшаға қосу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл функцияның жаңартуларын және пайда болуын Zaman қосымшасында қадағалаңыз. Егер Сіз картаны уақытша пайдаланбауды шешсеңіз, ай сайынғы қызмет ақысын есептен шығаруды тоқтату үшін оны бұғаттауды ұсынамыз.
Исламдық банкинг - бұл ислам құқығы (шариғат) қағидаттарына негізделген қаржылық қызметтер жүйесі. Дәстүрлі банкингтен айырмашылығы, исламдық, мысалы, пайыздар алуға (риба), алыпсатарлық және алкоголь, құмар ойындар немесе қару-жарақ сияқты тыйым салынған (харам) салаларға инвестиция салуға тыйым салады.
Ислам банкингінде сіз пайыз алмайсыз - оның орнына ақшаңызды банкке сеніп тапсыру арқылы сіздің қаражатыңыз нақты, этикалық жобаларға салынады. Біз сіздің "Вакала" шартының агенті ретінде әрекет етеміз: шариғат ережелерін қатаң сақтай отырып, сіздің атыңыздан ақшаны басқарамыз. Сіз кірісті пайыздар есебінен емес, инвестициялардың нәтижесі ретінде аласыз.
Сіз біздің өнімдерді діни сенімге қарамастан пайдалана аласыз. Исламдық банкинг - бұл клиенттің діні туралы емес, адалдық, ашықтық және құрмет сияқты қағидаттар туралы. Біз пайыздарды (риба) алмаймыз, жасырын шарттарды қолданбаймыз және күмәнді салаларға инвестиция салмаймыз. Біздің барлық шешімдеріміз нақты экономикаға, әділ серіктестікке және сенімге негізделген.
"Вакала" депозитінің кірісі ай сайын — Сіз оны ашқан күні төленеді. Сіз кірісті қайда аудару керектігін өзіңіз таңдайсыз: өз шотыңызға немесе салымға қосуға. Бұл әдіс ашылған кезде бекітіледі және мерзімнің соңына дейін сақталады.
Жылдық 20% максималды кірісті алу үшін 36 айға "Вакала" депозитін ашып, кіріс негізгі сомаға қосылатын нұсқаны таңдау жеткілікті. Осылайша, пайда "өзі үшін жұмыс істей" бастайды - бұл капиталдандыру деп аталады. Егер сіз 3 жылға ақша салуға дайын болмасаңыз - басқа мерзімдер де бар: 3 айдан 24 айға дейін. Өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.
Иә, депозитті депозит ашылған күннен бастап алғашқы 30 күнтізбелік күн ішінде (ашылған күнді қоса алғанда) толтыруға болады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін қосымша жарналар қол жетімсіз болады.
Ақшаны ішінара шешіп алуға болмайды - сома мерзім аяқталғанға дейін депозитте қалады. Бірақ егер қажеттілік туындаса, сіз әрқашан депозитті мерзімінен бұрын жауып, депозит сомасын өз шотыңызға қайтара аласыз.
Жоқ, депозитті ашу толығымен тегін, Банк"Вакала" депозитін ашқаны үшін агенттік сыйақы алмайды
Сіз ай сайын кіріс ала аласыз - шотқа немесе оны депозитке қосу арқылы. Егер табыс депозитке қосылса, ол да "жұмыс істей" бастайды — және қорытынды пайда жоғары болады (жылдық 20%-ға дейін). Егер сіз шотқа төлемді таңдасаңыз, сіз ақшаны бірден пайдалана аласыз — өзіңізге немесе қалағаныңызша жұмсай аласыз. Сізге қайсысы ыңғайлы екенін шешіңіз.
Иә, депозит автоматты түрде сол мерзімге және шартты ұзарту күнінде қолданылатын шарттарда ұзартылады. Депозитті орналастыру мерзімін ұзарту саны шектелмейді.
Егер сіз депозитті мерзімінен бұрын жабуды шешсеңіз, онда есептелген кірістілік сақталмайды — бұл мәміленің шарты. Төленгеннің бәрі жалпы сомадан шегеріледі, ал қалған қаражат сіздің шотыңызға қайтарылады. Бірақ егер сіз салымды ұзартқан болсаңыз (оның мерзімін ұзартқан болсаңыз), онда шарт бұзылған жағдайда алдыңғы мерзімдегі кіріс (мерзімі ұзартылғанға дейін) жоғалмайды.
Тіркелу үшін:
- Телефон нөміріңізді және ЖСН енгізіңіз;
- SMS-код арқылы нөміріңізді растаңыз;
- Өз ЖК-нің тіркеу деректерін енгізіңіз;
- Биометриядан өтіңіз (бұл бірнеше минутты алады);
- Кіру үшін пароль кодын ойлап табыңыз
Қазір қосымшада тіркеу ЖСН негізінде Жеке кәсіпкер үшін ғана қолжетімді.
Егер БСН бойынша ЖК немесе ШҚ ретінде жұмыс істесеңіз, бұл функция уақытша істемейді, қазір біз оны іске қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз.
Сіз банк бөлімшелерінің бірінде - Алматыда, Астанада немесе Екібастұзда шот аша аласыз.
Түсінгеніңіз үшін рақмет! Жақында қосымшада БСН бойынша тіркелу мүмкіндігі де пайда болады.
- Тіркеу кезінде ойлап тапқан 4 таңбалы кодты енгізіңіз.
- Егер Сіз кіруді Face ID немесе саусақ ізі арқылы орнатсаңыз - бетті сканерлеу немесе саусақты қою жеткілікті.
1. Қосымшаны ашып, аккаунтыңызға кіріңіз.
2. Содан кейін "Профиль" бөліміне өтіп, "Кіру кодын өзгерту" тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кіру экранындағы "Кодты ұмыттыңыз ба" түймесін түртіп, нұсқауларды орындаңыз — қолданбаға кіруді қалпына келтіруге көмектеседі.
Қолданбаға өтіп, "Профиль" бөлімін ашып, "биометрияға кіру" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз.
Биометриялық идентификация – бұл Сіздің жеке басыңызды физиологиялық және биологиялық деректер негізінде растау арқылы электрондық банктік қызметтерге қол жеткізу құқығыңызды анықтау рәсімі.
Нұсқаулық бойынша жасап көріңіз:
1. Кодты ұмыттыңыз ба? Кіру экранындағы «Кодты ұмыттыңыз ба» түймешігін басып, нұсқауларды орындаңыз.
2. Деректерді тексеріңіз. Телефон нөмірі мен ЖСН дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
3. SMS коды келмей ме?
- Интернетіңіз тұрақты екеніне көз жеткізіңіз.
- Телефон нөмірін тексеріңіз.
- Бірнеше минут күтіңіз де, әрекетті қайталаңыз.
4. Бәрін сынап көрдіңіз, бірақ көмектеспей ме? 4077 нөміріне қоңырау шалыңыз, анықтауға көмектесеміз.
1. App Store немесе Google Play-ден ZAMAN Business қосымшасын жүктеп алыңыз.
2. Оны ашып, тіркелу кезінде пайдаланған телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз.
3. Нөмірді SMS-код арқылы растаңыз.
4. Биометриядан өтіңіз.
5. Кіру үшін жаңа код-құпия сөзді орнатыңыз.
1. Егер Сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, тілді бірінші экраннан - телефон нөмірін және ЖСН енгізген жерден таңдауға болады.
2. Тіркелгеннен кейін тілді профильде өзгертуге болады (белгішенің жоғарғы сол жақ бұрышы).
3. «Қолданба тілі» тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз.
Қазір қосымшадағы жеке деректерді өзгерту мүмкін емес.
Егер Сіздің аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз немесе басқа деректер өзгерсе, 4077 нөміріне хабарласыңыз. Мамандар жаңартуға көмектеседі.
Егер Сіз телефоныңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алған болса, дереу 4077 нөмірі бойынша банктің қолдау қызметіне қоңырау шалыңыз. Біз Сіздің есептік жазбаңызға кіруді бұғаттаймыз.
Карта реквизиттерін, PIN кодтарын және SMS кодтарын ешкімге айтпаңыз. Мобильді қосымшаға логин мен кіру кодын бермеңіз.
- Біреудің өтініші бойынша басқа қосымшаларды орнатпаңыз.
- «Қауіпсіз шоттарға» ақша аудармаңыз.
- Банк, мемлекеттік органдар немесе қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қоңырауларына және хабарламаларына сенбеңіз.
- Егер олар таныс адамдардан келсе де, күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.
- Егер Сізден ресми арналардан тыс - мысалы, мессенджерлер арқылы сөйлесуді сұраса, сөйлесуді жалғастырмаңыз.
- Өзіңіз Байланыс орталығына хабарласқан жағдайларды қоспағанда, БРП растау кодтарын хабарламаңыз.
Zaman bank ешқашан құпия сөздерді, PIN-кодтарды немесе қол жеткізу кодтарын сұратпайды. Егер бір нәрсе күдікті болып көрінсе, бірден сөйлесуді тоқтатыңыз және 4077 нөміріне хабарласыңыз.
1.ZAMAN Business қосымшасын ашыңыз.
2.«Қаржыландыру» бөлімінде «Мақсаттарыңызға қаражат» баннеріне немесе «Өнімді ашу» батырмасын басыңыз
3.Қаржыландыру сомасын және мерзімін көрсетіңіз
4.Анкетаны толтырып, деректерді өңдеуге келісім беріңі
5.Жылдам мақұлдау үшін соңғы 6 айдағы басқа банктердің карталары бойынша үзінді көшірмені тіркеңіз, атап айтқанда:
Kaspi Bank
Halyk Bank
Еуразиялық банк
ЦентрКредит Банкі
ForteBank
Freedom Bank Kazakhstan
Alatau City Bank
Отбасы банк
6.Банк шешімін күтіңіз және жеке басыңызды анықтаудан өтіңіз.
7.Құжаттарға электронды қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қойыңыз.
Осыдан кейін қаражат сіздің шотыңызға түседі.
Ай сайынғы төлемді төлеу үшін мобильді қосымшада "қаржыландыру", бұдан әрі — "мәліметтер" бөлімінде көрсетілген ағымдағы шотыңызды ай сайынғы төлемді өтеу күніне дейін толтыру қажет. Толтыруды келесі ыңғайлы тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
* Касса 24 терминалдары арқылы;
* Банк бөлімшесі арқылы;
* Басқа ЕДБ-дан шотқа аудару арқылы.
Ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражатты ағымдағы шотта Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін қамтамасыз ету қажет.
Иә, сіз Банктің ZAMAN Business мобильді қосымшасында немесе жұмыс күндері кез келген Zaman Bank бөлімшесінде жұмыс кестесіне сәйкес қарызды толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтей аласыз.
Ішінара мерзімінен бұрын төлем жасаған жағдайда, төленетін сома екі айлық төлемнен кем болмауы тиіс.
Қарыздың сомасын ZAMAN Business мобильді қосымшасының «Қаржыландыру» бөлімінен білуге болады.
Өтінім беру үшін өзіңіздің ЖСН-іңізді білу жеткілікті. Қосымша құжаттар талап етілмейді.
Қаржыландыруға арналған өтінімді қарауға комиссия жоқ
Қаржыландыруға өтінімдерді 21 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын жеке кәсіпкерлер бере алады.
Егер Сіздің ай сайынғы төлеміңіз демалыс немесе мереке күндеріне түссе, онда төлем демалыс немесе мереке күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.
Ағымдағы шот ашудың екі жолы бар:
1. ZAMAN Business мобильді қосымшасында тіркелу арқылы (ЖК үшін тек ЖСН негізінде).
2. Банктің кез келген кеңсесіне хабарласуға болады (қызмет заңды тұлғалар, БСН негізінде ДК/ШҚ үшін де қолжетімді)
Заңды тұлға өкілі ағымдағы шот ашу үшін Астана, Алматы немесе Екібастұз қалаларындағы Банк бөлімшелеріне жүгініп, келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (жарғы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және т.б.);
2. Төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
3. Заңды тұлға басшысының өкілеттігін растайтын құжаттар;
4. Қолдар мен мөр бедерінің үлгілері (бар болған жағдайда);
5. Лицензия (егер қызмет лицензиялауға жататын болса);
6. Қосымша құжаттар (ЗТ қызметінің ерекшелігіне байланысты Банктің сұрау салуы бойынша)
ҚР резидент емес ЗТ үшін қосымша құжаттар талап етіледі (жоғарыда санамаланғаннан басқа):
1. Сауда тізілімінен үзінді көшірме (ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда заңдастырылған/апостиль қойылған болуы тиіс);
2. ҚР-да салық төлеуші ретінде резидент еместі тіркеу туралы құжат (ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда заңдастырылған/апостиль қойылған);
3. ҚР-да БСН алғанын растайтын құжат
4. Қосымша құжаттар (қызмет түрі мен тіркеу еліне байланысты Банк талабы бойынша).
Назар аударыңыз: ZAMAN Business мобильді қосымшасы БСН негізінде заңды тұлғаларға және ДК/ШҚ үшін қолжетімді емес
ЖК шотын Банктің мобильді қосымшасы арқылы ашқан кезде жеке басын куәландыратын құжат талап етілмейді.
Банк бөлімшелерінде ЖК немесе ЗТ шотын ашқан кезде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.
ЖК шотын сенімхат арқылы ашу тек Астана, Алматы және Екібастұз қалаларындағы Банк бөлімшелерінде мүмкін. Бұл ретте сенімхатта ЖК атынан шот ашуға нақты өкілеттіктер көрсетілуі тиіс.
Сенімхат арқылы ЖК шотын ашу үшін келесі құжаттар қажет:
1. Нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы;
2. Сенім берушінің (ЖК иесінің) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3. Сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігінің түпнұсқасы.
Қазір ZAMAN Business мобильді қосымшасында ЖК шотын тек теңгемен ашуға болады.
Шетел валютасында шоттар ашу әлі қолжетімді емес, бірақ біз бұл функциямен жұмыс істеп жатырмыз — жақын арада іске қосу жоспарлануда.
ZAMAN Business мобильді қосымшасы арқылы тіркелу кезінде ЖК үшін ағымдағы шотты ашу және оны ай сайын жүргізу тегін.
ЖК қызмет көрсету үшін Банк бөлімшелеріне жүгінген кезде:
бірінші шотты ашу үшін - 2 000 теңге (біржолғы комиссия)
әрбір келесі шотты ашу үшін - 1 000 теңге (біржолғы комиссия)
шот бойынша қозғалыс болған жағдайда шотты жүргізу - 2 000 теңге (ай сайынғы комиссия)
12 ай ішінде шот бойынша қозғалыс болмаған кезде шотты жүргізу-шоттағы қалдық шегінде бірақ 2 000 теңгеден аспайды.
Банк бөлімшелерінде ЖК бастамасы бойынша шотты жабу үшін - 5 000 теңге (мобильді қосымшада бұл қызмет ЖК үшін әлі қолжетімді емес).
ЖК шотына ақшаны теңгемен және шетел валютасымен (ресей рублінен басқа) қабылдау-қайта есептеу және аудару — 0 теңге.
Ресей рублімен жеке кәсіпкердің шотына ақшаны қабылдау-қайта есептеу және есептеу – соманың 5% (минимум – 50 000 RUR).
Теңгемен қолма-қол ақша беру (тариф қолма - қол нысанда қаржыландыруға және депозитті қолма – қол нысанда қайтаруға қолданылмайды) - соманың 0,5%-ы (ең азы - 500 теңге);
Шетел валютасында қолма-қол ақша беру (тариф қолма - қол нысанда қаржыландыруға және депозитті қолма – қол нысанда қайтаруға қолданылмайды) - соманың 1,2%-ы (ең азы - 1 000 теңге)
Банктік шоттардың болуы / болмауы туралы анықтама:
* Банк бөлімшесінде - 2 000 теңге (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
* Банктің мобильді қосымшасында - 0 теңге;
Кезең ішіндегі ақпаратты көрсете отырып, банктік шоттардың болуы туралы анықтама:
* Банк бөлімшесінде - 2 500 теңге (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
* Банктің мобильді қосымшасында - 0 теңге;
Банктік шоттардың болуы / болмауы туралы шұғыл анықтама беру:
* Банк бөлімшесінде - 3 000 теңге (бір күн аралығында);
* Банктің мобильді қосымшасында - 0 теңге.
Шоттың болуы және/немесе ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдығы туралы анықтаманы pdf форматында онлайн алуға болады:
1. ZAMAN Business қосымшасын ашыңыз;
2. "Ағымдағы шот" бөліміне өтіп,"Анықтамалар" тармағын таңдаңыз;
3. Анықтама түрі мен тілін таңдаңыз;
4. "Жіберу" түймесін басыңыз және жіберудің басқа әдісін таңдаңыз.
Сондай-ақ, анықтаманы Банк бөлімшесінен алуға болады. Егер сізде бөлімшеге бару мүмкіндігі болмаса, сіз үшінші тұлғаға нотариалды куәландырылған сенімхат бере аласыз. Сенімхатта банктік шоттар бойынша анықтамалар алу туралы тармақ міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
1. ZAMAN Business қосымшасын ашыңыз.
2. «Ағымдағы шот» бөлімінде «Үзінді көшірме» таңдаңыз.
3. Өтініш тілі мен кезеңін таңдаңыз.
4. "Жіберу" түймесін басыңыз және жіберудің басқа әдісін таңдаңыз.
Өтініш PDF форматында жіберіледі.
Ағымдағы шотты Банк бөлімшелерінің кассасында және Касса-24 терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен толықтыру
- Ағымдағы шотты қолма-қол ақшасыз толтыру;
- Деректемелер бойынша ағымдағы шоттан басқа банкке аудару;
- Банк бөлімшелерінің кассасынан қолма-қол ақша алу;
- Ағымдағы шот бойынша үзінді көшірмелер беру;
- Банктік шоттың болуы / болмауы туралы анықтама беру.
Есепшоттың бұғатталуына әкелетін негізгі себептер:
1. Мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерді орындамау (мысалы, салықтар бойынша берешек);
2. Мерзімі өткен несие немесе банктер алдындағы басқа міндеттемелер;
3. Сот шешімі.
Есепшотты бұғаттау туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемелер бойынша Мемлекеттік органдардың сайттарынан алуға болады:
Салық берешегі туралы мәліметтер https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web
Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors
Егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, шығыс операциялары қамауға алу жойылғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Иә, қамаудағы ағым шотты толықтыруға болады.
Ағымдағы шотты аресттен алынғаннан кейін ғана жабуға болады.
Аресттің алынғаны туралы ақпаратты Банктың мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз.
Сондай-ақ, байланыс орталығына тегін 4077 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан) хабарласуға болады.
- Жеке кәсіпкер өз шотынан қолма-қол ақша алу үшін, ақшаны берудің алдындағы бір жұмыс күнінен кешіктірмей Банкке өтінім беру қажет.
- Егер алынатын қолма-қол ақшаның сомасы кәсіпкерлік субъектілер үшін белгіленген айлық шекті мөлшерден асып кетсе, Банкте ақшаның шығу тегін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Шекті мөлшерлер туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021901
Бұл шаралар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде міндетті және мемлекеттік реттеуші белгілеген.
Ағымдағы шотты жабу үшін Банк бөлімшесіне жүгініп, жеке басты куәландыратын құжатты көрсету және шотты жабу туралы өтініш беру қажет.
Егер шотты жабуды ЖК атынан басқа тұлға жүзеге асырса, онда нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі.
1. ZAMAN Business бағдарламасын ашыңыз.
2. Ағымдағы шот бөлімінде Шот реквизиттерін таңдаңыз.
3. Сізді қызықтыратын шот реквизиттерін көшіріңіз немесе көрсетілген экранда "Бөлісу" тармағын таңдаңыз.
ZAMAN Business мобильді қосымшасында сіз өзіңіздің ағымдағы шотыңыздан Қазақстанның кез келген банктеріндегі шоттарға - жеке және заңды тұлғаларға аударымдарды жібере аласыз.
- Сіздің шотыңыздан Қазақстанның кез келген банкіндегі шотқа (жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да)аудару;
- Swift арқылы аудару.
Банктің мобильді қосымшасында-теңге;
Банк бөлімшелерінде-теңге, еуро, өзге де валюталар (техникалық мүмкіндік болған жағдайда).
Шот нөмірі бойынша Қазақстанның басқа банкіне аудару кезінде:
аударымның ең төменгі сомасы - 1 теңге;
аударымның ең жоғары сомасы - 4 000 000 теңге.
Аударымдар бойынша Банк тарифтерімен сайттың "Банк тарифтері" бөлімінде танысуға болады
Аударымдар бойынша Банк тарифтерімен сайтта "Банк тарифтері" бөлімінде және банк бөлімшелерінде танысуға болады
Аударым Қазақстанның кез келген банкіне қолжетімді.
Шетелден аудару үшін халықаралық роумингтің қосылғанына көз жеткізіңіз.
Банк операцияны растау үшін Сіздің қазақстандық нөміріңізге SMS-код жібереді.
Егер нөмір қолжетімді болмаса (мысалы, роумингсіз), Сіз кодты алмайсыз және аударманы орындау мүмкін болмайды.
Мәселені шешу үшін Банкке 4077 нөмірі бойынша хабарласу қажет. Біз оның себебін анықтап, сізге көмектесуге тырысамыз.
Банк бөлімшесіне немесе 4077 нөміріне хабарласыңыз.
Аударымды жіберу кезінде деректердің дұрыстығына жіберуші жауап береді.
Біздің қосымшамызда жеке кәсіпкер ретінде өзіңіз және қызметкерлеріңіз үшін келесі бюджет төлемдерін төлей аласыз:
-зейнетақы жарналары
-жұмыс берушінің зейнетақы жарналары
-әлеуметтік аударымдар
-медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдары (МӘМСЖ және МӘМСА)
Салықтарды (ЖТС, ӘС) төлеу уақытша қолжетімсіз және келесі жаңартуларда пайда болады.
1.Мәзірден «Операциялар» → «Бюджетке төлемдер» бөлімін таңдаңыз.
2.«Компания үшін» (ЖК ретінде) опциясын таңдаңыз.
3.Төлем түрін, мақсатын, кезеңін және сомасын көрсетіңіз.
4.БТР-код арқылы операцияны растаңыз.
1.Мәзірден «Операциялар» → «Бюджетке төлемдер» бөлімін таңдаңыз.
2.«Қызметкерлер үшін» опциясын таңдаңыз.
3.Егер бірінші рет болса — қызметкерді қосыңыз: ЖСН, толық аты-жөні, туған күні және резиденттік елін көрсетіңіз.
4.Төлемге оралып → төлем түрін және мақсатын таңдаңыз, бір немесе бірнеше қызметкерлерді белгілеңіз.
5.Кезең мен соманы көрсетіңіз.
6.Операцияны БТР-код арқылы растаңыз.
Мобильді қосымша арқылы жасалатын барлық бюджет төлемдері тегін болып табылады.
Банк бөлімшесінде - комиссиясыз;
Касса 24 терминалында - комиссиясыз;
Ақшаны басқа банктен шотқа аудару жолымен - комиссия жөнелтуші банктің тарифтеріне сәйкес алынады
Банк бөлімшесінде:
- Шот иесі жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
- Үшінші тұлға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаты болуы, алушының ЖСН-ін және шоттың деректемелерін білуі қажет.
24-касса терминалында:
- Алушының шот нөмірінің соңғы 6 санын және ЖСН білу.
Басқа банктен аудару арқылы:
- Банктің толық деректемелерін және алушының шотын білу.
Бір реттік: ең төменгі сома - 500 теңге, ең жоғары сома-500 000 теңге;
Бір клиентке айына: 5 000 000 теңге
Иә, үшінші тұлға сіздің ағымдағы шотыңызды толтыра алады. Ол үшін қаражат салу кезінде сіздің деректеріңізді көрсету жеткілікті.
Ислам банкингі - бұл ислам құқығы (шариат) қағидаттарына негізделген қаржы қызметтерінің жүйесі. Дәстүрлі банкингке қарағанда, исламдық, мысалы, алкоголь, құмар ойындар немесе қару сияқты тыйым салынған салаларға пайыздар (риба), алыпсатарлыққа және инвестицияларға тыйым салады.
Сіз біздің өнімдерді дінге қарамастан пайдалана аласыз.
Исламдық банкинг - бұл клиенттің діні туралы емес, принциптер туралы: адалдық, ашықтық және Құрмет. Біз пайыздарды (риба) алмаймыз, жасырын шарттарды қолданбаймыз және күмәнді салаларға инвестиция салмаймыз. Біздің барлық шешімдеріміз нақты экономикаға, әділ серіктестікке және сенімге негізделген.
Ислам банкингі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ шариғат нормаларымен реттеледі
Ислам банктерінде ислам принциптерінің сақталуын қадағалайтын және тыйым салынған салаларды қаржыландыруды болдырмайтын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (ИҚҚК) жұмыс істейді.
Біздің Банктің ИҚҚК құрамына келесі тұлғалар кіреді:
Максатбек Каиргалиев - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі Кеңестің Төрағасы;
Алтаф Ахмад - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі Кеңестің мүшесі;
Адильбек Рыскулов - исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі Кеңестің мүшесі.
Ислам банкі пайыздармен кредит бермейді, өйткені пайыздарға (рибаға) тыйым салынған. Оның орнына Zaman bank қаржыландырудың баламалы түрлерін пайдаланады. Мысалы, қазіргі уақытта Банкте өнім - тауарлық мурабаха қолданылады.
Исламдағы "пайыз" туралы айтқанда, әдетте "риба" — бұл белгіленген пайыздық несиеден (өсімқорлық) алынатын кірістің тыйым салынған түрі.
Zaman bank ислам банкингіне көшуді 2013 жылы бастады. 2017 жылы банк Ислам банкі ретінде операцияларды жүргізуге ресми лицензия алды. Содан бері біз исламдық банкинг принциптеріне сәйкес келетін өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, табысты жұмыс істеп келеміз.
Біздің жолымыз бен қызметіміз туралы толығырақ "Банк туралы" бөлімінен білуге болады.
Банк бөлімшелері Астана, Алматы және Екібастұз қалаларында орналасқан.
Әр кеңсенің мекен-жайы бар толық картаны Банктің веб-сайтындағы "Филиалдар мен банкоматтар" бөлімінен табуға болады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған Банктің тарифтерімен сайттың "Тарифтер" бөлімінде танысуға болады
Дүйсенбі-жұма: 09: 30-дан 17:00-ге дейін
Үзіліс: 13: 00-ден 14:00-ге дейін
Сенбі және жексенбі: демалыс