Жеке
қаржылық
қауіпсіздік
Жеке
қаржылық
қауіпсіздік
Алаяқтыққа тап
болдыңыз ба
Банкке хабарласу үшін телефон нөміріңізді жіберіңіз
zamanbank.kz
хат жіберу
қорғануға болады
Сенімді дереккөздерді
таңдаңыз
арқылы тексеріңіз.
Әрекет етуге
асықпаңыз
келген өтініштерді орындауға асықпаңыз.
Аккаунттарыңызды
сенімді қорғаңыз
аутентификацияны пайдаланыңыз.
Жаңартуларды
орнатыңыз
жүйесін үнемі жаңартып отырыңыз.
құрбаны болсаңыз
Полицияға
жүгініңіз
qamqor.gov.kz сайтындағы «Полицияға арыз беру»
бөлімінен өтініш қалдырыңыз.
Картаңызды
бұғаттаңыз
жағдайда банк немесе мобильді қосымша
арқылы (қысқа нөмір — 4077)
Көмек
алыңыз
нөміріне хабарласа аласыз.
Алаяқтардың
банк шотын
бұғаттауға болады
ақпаратты Банкке хабарлаңыз немесе полицияға жүгініңіз
Сұрақтар туындаған жағдайда немесе
кеңес қажет болса
1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласыңыз.
қаржылық қаражатты қорғау
бойынша кеңестер
Алаяқтар өздерін Банк, полиция, прокуратура, экономикалық тергеу қызметтері, пошта, ұялы байланыс операторлары, коммуналдық қызметтер және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар «күмәнді операциялар», «бұзу», есептегіштерді жаңарту қажеттігі, телефон нөмірінің мерзімін ұзарту, сәлемдеме алу туралы айтып, кодты хабарлауды немесе ақшаны аударуды сұрайды.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Құпия сөздерді, PIN, CVV және SMS-тегі кодтарды ешқашан хабарламаңыз.
• Аз да болса да күмән туындаса, телефонды қойып, өзіңіз Банкке хабарласыңыз.
• Барлық ақшаны бір банк картасында сақтамаңыз.
• Ешқандай да «Қауіпсіз есепшоттардың» жоқ екенін есте сақтаңыз.
• Мессенджерлердегі суреттерге, формаларға, логотиптерге және «үндеулерге» сенбеңіз.
• Ресми органдар азаматтардың WhatsApp нөміріне қоңырау шалмайды және тергеу әрекеттерін телефон арқылы жүргізбейді.
Телефонға алаяқтар қоңырау шалып, танысыңыздың дауысына ұқсатып «шұғыл» түрде емделуге, айыппұл төлеуге немесе «құтқаруға» ақша аударуды сұрайды.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Танысыңызға оның нақты нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз.
• Жауабын тек өзі білетін сұрақ қойыңыз.
• Қарт туыстарыңызға ескерту жасаңыз, өйткені олар осындай схемалардың негізгі құрбандары болып табылады.
Банктерден, дүкендерден және басқа ұйымдардан келген ресми хабарламаларға ұқсас жалған хабарламалар келеді («1414», «Egov», «QazPost», «E-Salyk», Ұлттық банк және т.б.), оларда жалған сайтқа сілтеме немесе азаматтардың конфиденциалдық ақпаратын беру сұралады.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• SMS, мессенджерлер немесе e-mail арқылы келген сілтемелерге өтуге немесе жауап беруге болмайды.
• Белгісіз сайттарға карта мәліметтері немесе жеке ақпарат енгізбеңіз.
• Сенімді антивирус орнатыңыз.№08-2-06/3003, 09.09.2025 ж.
Алаяқтар зиянды қосымшалар мен баннерлерді таратады: олар телефонды бұғаттайды немесе сіздің деректеріңізді ұрлайды.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Қосымшаларды тек ресми дүкендерден (Play Market, App Store) жүктеңіз.
• Пікірлерді және әзірлеушінің атын тексеріңіз.
• Күмәнді сайттарға кірмеңіз және олардан файлдарды жүктемеңіз.
• Белгісіз адамдардың өтініші бойынша ештеңе орнатпаңыз, тіпті олар «телефонды баптауға көмектессе де».
Алаяқтар танымал дүкендерді көшірмелейтін жалған сайттар жасайды.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Сатып алуларды тек сенімді және жақсы беделі бар сайттардан жасаңыз.
• Сайттың мекенжайын тексеріңіз, жалған сайттар бір әріппен немесе символмен ерекшеленуі мүмкін.
• Пікірлерді және сатушының рейтингін оқыңыз.
• Белгісіз есепшоттарға немесе карталарға алдын ала төлем жасамаңыз.
Алаяқтар, соның ішінде танымал адамдардың жалған суреттерін пайдаланып, сізді «қауіп-қатерсіз инвестициялар», «қазір қаражат салыңыз да, үлкен пайда алыңыз», «Бұл адал келісім, тек ақша аудару қажет» деген сылтауымен ақша салуға сендіреді.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Қауіп-қатерсіз кіріс уәделеріне сенбеңіз, бұл айла-амал.
• Күмән туындаған сәтте байланысты тоқтатыңыз.
• Компания туралы ақпаратты ресми дереккөздер мен пікірлер арқылы қайта тексеріңіз.
• Ақшаны «комиссияға» немесе «активтеу үшін» аудармаңыз.
Табиғи апаттар, қайғылы оқиғалар немесе біреудің қиын жағдайы туралы жаңалықтар кезінде алаяқтар көмек сұрайтын хабарламалар таратады: «Емделуге қайырымдылық жасаңыз», «Отбасы үйсіз қалды», «Балаға ота қажет» және т.б.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• SMS және мессенджердегі сілтемелерге өтпеңіз немесе ақша аудармаңыз.
• Ұйымды ресми сайт немесе сенімді дереккөз арқылы тексеріңіз.
• Ақшаны тек белгілі қайырымдылық қорлары арқылы аударыңыз.
Сіз лотереяның жеңімпазы болдыңыз!» деп жазып немесе қоңырау шалып, «сыйлықты» алу үшін комиссия, салық немесе жеткізу ақысын төлеуді сұрайды.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Мұндай хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз.
• Белгісіз сайттарға жеке мәліметтерді енгізбеңіз.
• Қатысу, салық немесе жеткізу үшін ақша аудармаңыз.
Жоғары жалақы, қашықтан жұмыс немесе тиімді серіктестік уәде етіледі. «Тіркеу», «комиссия» немесе «оқыту» үшін төлем жасауын сұрайды да, жоғалады.
Қаржыны жоғалтпау бойынша кеңестер:
• Спам-хабарламалар мен күмәнді жарнамалардағы сілтемелерге өтпеңіз.
• Жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындар базасына қол жеткізу немесе «бизнеске кіру» үшін ақша аудармаңыз.
• Жұмыс беруші мен компания сайты туралы ақпаратты ашық дереккөздерден тексеріңіз.