Заман-Банк ескертеді: абайлаңыздар, алаяқтар!

13.05.2022

«Заман-Банк» ИБ АҚ Банк деректемелерін (сайттың, электрондық поштаның бұрмаланған атауы, Банктің бланкілерін ауыстыру және т.б.) пайдалана отырып, алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін ескертеді.

 Қаржылық алаяқтықтың кең тараған әдістері және алаяқтықтан қорғаудың қарапайым, бірақ тиімді жолдары туралы ақпарат қазақ тілінде (https://fingramota.kz/kk/rubric/caution-scammers), орыс тілінде (https://fingramota.kz/ru/rubric/caution-scammers) және ағылшын тілінде (https://blog.avast.com/trending-phishing-scams-2022).

Сондай-ақ ақпарат үшін: біздің Банк ақшалай ұтыстар мен жарналары бар лотереяларды/конкурстарды/қайырымдылық қорларын өткізуге және ұйымдастыруға қатыспайды!!!

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

  • бейтаныс адамдармен хат алмасудан келіп түскен сілтемелеріне өтпеңіз — олардың көмегімен зиянкестер төлем ақпаратыңызды ұрлайды;
  • күдікті сайттарға жеке ақпаратты, банк картасының деректерін енгізбеңіз;
  • компьютердің және мобильді құрылғылардың қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдаланыңыз (вирусқа қарсы қорғаныс, мерзімді өзгертумен жүретін күрделі құрама парольдер);
  • бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға жеке деректеріңізді ашпаңыз;
  • бейресми көздерден бағдарламаларды орнатпаңыз;
  • күдікті тіркемелерді ашпаңыз немесе белгісіз сілтемелерге өтпеңіз.[КА1]

Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз, егер:

  • өз шоттарыңызда әдеттен тыс әрекетті байқасаңыз;
  • өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз.

Қырағы болыңыз, оңай ақша қуып, бейтаныс адамдарға сенбеңіз!

Деректеріңізге, ақшаңызға сақ болыңыз және цифрлық гигиенаны сақтаңыз!