Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Версия для слабовидящих
Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
18.09.2025

Zaman Bank цифрлық исламдық өнімдер желісін іске қосты

Zaman Bank исламдық принциптер мен цифрлық банкингтің ыңғайлылығын бағалайтындар үшін жаңа өнімдер желісін ұсынды. Енді барлық қаржылық қызметтер онлайн түрде қолжетімді — бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Сіз риба, алыпсатарлық және жасырын комиссияларсыз заманауи қызметтерді пайдалана аласыз.


Zaman Bank мобильді қосымшасында қандай жаңа өнімдер қолжетімді?

Zaman Bank онлайн түрде толық қолжетімді үш негізгі өнімді ұсынады:

  • Жеке тұлғаларға арналған исламдық қаржыландыру. Жасырын комиссиясыз 5 жылға дейінгі мерзімге 3 000 000 теңгеге дейін алыңыз. Бұл өнім тауарлы мурабаха принципі бойынша жұмыс істейді, сондықтан сіздің кез келген мақсатыңызға сай келеді.

  • «Вакала Zaman» инвестициялық депозиті.
    Халал активтерге смартфон арқылы инвестиция салыңыз. Ең төменгі сома – 50 000 теңге. Мерзімі – 3 айдан 36 айға дейін.


Сонымен қатар бізде рефералдық бағдарлама бар. Өз рефералды сілтемеңіз арқылы досыңызды шақырып, әр шақырылған адам үшін 15 000 теңгеге дейін табыс табыңыз. Сіздің досыңыз да мақсатты әрекетті орындағаны үшін 15 000 теңгеге дейін алады.


Бизнеске арналған цифрлық шешімдер

Кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған исламдық қаржыландыру қолжетімді. Zaman Business қосымшасында сіз 10 000 000 теңгеге дейінгі соманы ашық әрі әділ шарттармен ала аласыз.

Жақында Zaman Business қосымшасында жаңа қызметтер қолжетімді болады:

  • Шотты тегін ашу;
  • Теңгемен комиссиясыз аударым жасау.
Гүлфайруз Асаева Zaman Bank басқарма төрайымы

Біз бұл жаңа өнімдерді тек технология мен қолайлылықты бағалайтындар үшін ғана емес, өз құндылықтарына адал болғысы келетін жандар үшін ұсындық. Біздің қызметтер дініне қарамастан бәріне қолжетімді. Мұнда пайыз да, күрделі талаптар да жоқ — тек исламдық қаржы қағидаттарына негізделген, ашық әрі түсінікті шешімдер бар


Zaman Bank — бұл қаржыны түсінікті және әділ ететін, баршаға арналған цифрлық ислам банкі. Банк ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясымен жұмыс істейді, ал оның барлық өнімдері Шариғат кеңесімен сертификатталған.


Анықтама:

Zaman Bank — адамдар, дәстүрлер және технологиялар. Біздің жұмысымыздың ортасында — адамдар: олардың мақсаттары, принциптері және әділдікке ұмтылысы. Біз дәстүрлерді құрметтейміз, онда моральдық бағдарлар, адалдық және рухани құндылықтар негізделген. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, біз қаржылық қызметтерді қолжетімді, ыңғайлы және барынша ашық етеміз.

Zaman Bank — өткенді және болашақты ұштастыратын синтез, мұнда әркім өз қаржысын сенімді басқара алады, өзіне және наным-сеніміне адал болып қала отырып. Біз уақыт тілінде сөйлейтін және клиенттеріміздің сеніміне, мәдениетіне терең құрметпен қарайтын банкті құрып жатырмыз.